Қазақстан академиялық ескек есуден Азия чемпионатында 5 медаль алды

Қазақстан академиялық ескек есуден Азия чемпионатында 5 медаль алды

Бүгін Вьетнамның Хайфон қаласында академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақстан ескек есу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жарыста 2 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды. Шешуші жарыс күні спортшыларымыз 3 мәрте тұғыр сатысына көтерілді.

Күміс медальді 2000 метрге әйелдер арасында жетекшісі бар 8 спортшы (W8+)алды. Команда құрамы - Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Анастасия Кулинич, Мелани Жакупова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова, Мария Лебедева.

2000 метрге әйелдер арасында сынға түскен жеңіл салмақтағы спортшы - Мария Чернец қола медальға қол жеткізді.

2000 метрге ерлер арасындағы жұптық сында өнер көрсеткен - Владислав Яковлев пен Иван Чернухин қола медаль алды.

Кеше алғашқы финал күні Қазақстан қоржынына 2 жүлде түскен болатын.

Күміс медальді 2000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы алды. Команда құрамы - Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.

2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы спортшы - Артём Матусевич қола медаль алды.

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласты.

Елімізде 6 бірдей стадион салынады

2025 жылғы Азия ойындары: ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Маунтинбайктан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или