Қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Алғаш болып пенчак силаттан ұлттық құрама өкілдері бақ сынады.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлиям Әзізова ширек финалда Камбоджа спортшысы С. Деттен басым түсті.
Ал дәл осы салмақтағы Абдурахман Әбжанов ширек финалда индонезиялық Видатқа 30:74 есебімен есе жіберді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или