Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 289-орында) Францияның Брест қаласында өтіп жатқан турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында Кукушкин чехиялық Йонас Форейтекпен (453-орын) кездесіп, 3-6, 6-7 есебімен жеңілді.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Осылайша, Михаил турнирдегі өнерін аяқтады. ал Форейтек іріктеудің финалына өтті, онда ол испаниялық теннисші Давид Хорда Санчиске (451-орын) қарсы негізгі кезеңге жолдама алу үшін ойнайды.

Бресттегі турнирдің жүлде қоры 145 250 еуро. Жеңімпаз 20 630 еуро мен 100 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазақстандық теннисші маусымның аяқталуына орай мәлімдеме жасады

Қазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или