Елена Рыбакина Нинбода өткен WTA-500 турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы Ресейдің оныншы нөмірлі теннисшісі Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсті. Ойын 1 сағат 59 минутқа созылды.
Рыбакина матч барысында 11 эйс орындап, үш қос қате жіберді және 10 мүмкіндіктің бесеуін брейкке айналдырды. Александрованың еншісінде екі эйс, бір қос қате және бір брейк бар.
26 жастағы Рыбакина үшін бұл кәсіби мансабындағы 10-шы және биылғы маусымдағы екінші титул болды. Нинбодағы жеңістен кейін қазақстандық спортшы WTA рейтингінде екі сатыға көтеріліп, әлемнің жетінші ракеткасына айналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или