Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің чемпионы атанды

Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің чемпионы атанды


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсті. Бұл — Рыбакинаның кәсіби мансабындағы оныншы және биылғы маусымдағы екінші титулы.

Жеңістен кейін Елена қарсыласына жылы лебіз білдірді:

«Екатеринаны керемет апта және маусыммен құттықтаймын. Келесі жылы сәттілік тілеймін. Барлығымыз үшін маусым оңай болған жоқ, кесте тығыз болды. Командама алғыс айтамын — сіздерсіз мен бұл жерге жете алмас едім. Алдағы аптада тағы бір қадам жасауға үміттенемін», — деді Рыбакина жеңіс сөзінде.

Нинбодағы триумф Рыбакинаға 2025 жылғы WTA маусымдық финалына бір табан жақындауға мүмкіндік берді. Қазір қазақстандық спортшы чемпиондық жарыс кестесінде тоғызыншы орында тұр. Сегізінші сатыдағы ресейлік Мирра Андреева алдағы аптада турнирлерге қатыспайтынын мәлімдеген.

Токио (Жапония) қаласында өтетін WTA-500 турнирінде екі матчта жеңіске жетсе, Елена финалдық жарысқа жолдама алады. Қазіргі таңда маусымдық чемпионатқа Арина Соболенко, Ига Швентек, Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Джессика Пегула, Мэдисон Киз және Жасмин Паолини қатысу құқығын иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или