«Астана» мен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз голға толы шоу сыйлады

Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матч нағыз голды ойынға айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана Аренада» өткен кездесуді Оралдық төреші Болат Сәриев бастаған бригада басқарды. Ойын 5:3 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды.
Алғашқы таймда-ақ көрермендер алты голдың куәсі болды. Үй иелерінен Джеффри Чинеду дубль жасаса, Усман Камара мен Назми Грипши (пенальтиден) де көзге түсті. Қонақтар сапынан Жауро Жан мен Даниэль Соса мергендік танытты.
Екінші таймда Чинеду хет-трик авторы атанып, Артур Шушеначев әдемі өкшемен соққан добымен қорытынды есепті белгіледі.
Бұл жеңістен кейін «Астана» 56 ұпай жинап, көшбасшы «Қайратпен» арадағы айырмашылықты екі ұпайға дейін қысқартты. Ал «Ақтөбе» 42 ұпаймен бесінші орында тұр.