Денис Евсеев Гамбургтегі турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өтті

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 50 сериялы турнирінің іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
330-шы ракетка иегері алғашқы айналымда испаниялық Альберто Кампосты (№603 ATP) 4:6, 7:6 (7:4), 6:0 есебімен тізе бүктірді.
2 сағат 19 минутқа созылған кездесуде Евсеев бірінші сеттен кейін ойынның бағытын өз пайдасына бұрып, екінші партияны тай-брейкте жеңіп алды, ал шешуші сетте қарсыласына бір гейм де бермеді.
32 жастағы Евсеев Кампосты осымен екінші рет қатарынан ұтып отыр. Келесі айналымда ол Васа мен Вивес Маркус арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или