«Тобыл» сырт алаңда «Жетісудан» басым түсті

Талдықорғанның «Жетісу» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы өз алаңындағы ойында Қостанайдың «Тобылынан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның 4-минутында алаң иелері есепті ашты — Сослан Такулов дәл соққысымен көзге түсті. Алайда екінші таймда қостанайлықтар ойынның бағытын өз пайдасына өзгертті: 55-минутта Марко Вукчевич таразы басын теңестірсе, он минуттан соң Николай Сигневич жеңіс добын соқты.
25 турдан кейін «Жетісу» 21 ұпаймен турнир кестесінде 12-орында тұр. Ал «Тобыл» 53 ұпай жинап, үшінші сатыны сақтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или