Итальяндық теннисшіге үш келі таза алтыннан жасалған трофей табысталды

Итальяндық теннисші Янник Синнер Эр-Риядта өткен «Алты патша шлемі» көрме турнирінде жеңіске жетіп, ерекше сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
Чемпионға салмағы шамамен үш келі болатын таза алтыннан жасалған ракетка табысталды. Трофейдің құны шамамен 250 мың еуроға бағаланады. Сыйлықты спортшыға Сауд Арабиясы корольдік кеңсесінің кеңесшісі Турки әл аш-Шейх табыс етті. Өткен жылы осындай марапатқа Рафаэль Надаль ие болған еді.
Финалда Синнер испандық Карлос Алькарассты 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 12 минутқа созылып, италиялық теннисші үш брейк-пойнтты іске асырып, үш эйс орындады және бірде-бір қос қателік жіберген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или