Әлем чемпионы төрт аптадан соң толық жаттығуға оралмақ

Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол операциядан кейінгі оңалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кеше жеңіл жаттығу өткіздім, қалпына келу жоспардағындай жүріп жатыр. Төрт-алты апта ішінде толыққанды жаттығуға оралғым келеді», — деп жазды Бивол әлеуметтік желідегі парақшасында, бокс жаттығуынан бейнежазба жариялап.
Еске сала кетсек, Дмитрий Бивол тамыз айының басында беліне ота жасатқан болатын. Осыдан кейін Артур Бетербиев оны үшінші жекпе-жектен қашып жүр деп айыптаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или