Фабрицио Романо: Месси клубта қалады

Белгілі инсайдер Фабрицио Романо МЛС маусымы аяқталғаннан кейін «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің келешегі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Prosports.kz sovsport.ru сайтына сілтеме жасап.
Журналистің айтуынша, Мессимен келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер шешуші кезеңге жетті. «Келісімнің соңғы егжей-тегжейі пысықталуда, Месси клубта қалады», — деп жазды Романо өз парақшасында.
Айта кетейік, МЛС тұрақты маусымының соңғы ойынында «Интер Майами» «Нэшвиллды» 5:2 есебімен ұтты. Месси бұл кездесуде хет-трик авторы атанып, командасына плей-офф кезеңіне шығуға көмектесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или