MLS; Месси «Интер Майами» сапында хет-трик авторы атанды

MLS; Месси «Интер Майами» сапында хет-трик авторы атанды

MLS турнирінде «Нэшвилл» пен «Интер Майами» арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Нэшвиллдегі GEODIS паркінде өтіп, қонақтардың 5:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Интер Майами» сапында хет-трик жасады. Бальтасар Родригес пен Теласко Сеговия да бір-бір голдан соқты. 

Алаң иелері сапында Сэм Сурридж пен Джейкоб Шаффельбург гол соқты.

Бұл MLS тұрақты маусымының соңғы ойын күні болды. Интер Майами 34 ойыннан 65 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесін үшінші орында аяқтады. Ал Нэшвилл болса 54 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.


«The Messi Cup» турнирі өтеді

Харри Кейн Англия құрамасында рекорд орнатты

Роберт Левандовски осы маусымнан кейін «Барселонадан» кетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или