Катанецтің көмекшілері өтемақы талап етті — АФУ тағы шығынға батты

Катанецтің көмекшілері өтемақы талап етті — АФУ тағы шығынға батты


Журналист Александр Троицкийдің хабарлауынша, Италиялық маман Фабио Каннавароның тағайындалуынан кейін Өзбекстан футбол қауымдастығының (АФҚ) шығындары одан сайын көбейген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көзіне сүйенсек, бұрынғы бас бапкер Сречко Катанецтің үш көмекшісі ФИФА жанындағы дауларды шешу палатасына жүгініп, 350 мың еуро көлемінде өтемақы талап етпек. Олардың келісімшарттары 2026 жылдың жазына дейін жарамды болған, алайда Каннаваро және оның штабы келген соң жұмысынан шеттетілген.

Словениялық мамандарға жастар құрамаларына ауысу ұсынылғанымен, олар бұл нұсқадан бас тартқан. Себебі келісім тек ұлттық құрамамен жұмыс істеуге арналған болатын.

Катанецтің штабында бес словениялық қызметкер болған: ассистенттер Алеш Чех пен Владо Радманович, физдайындық бапкері Мартин Магистер, қақпашылар жаттықтырушысы Нихад Пейкович және физиотерапевт Иан Катанец. Кейбіріне төлем жасалғанымен, мәселе толық шешілмеген.

«Осылайша, бұған дейін жұмсалған төрт миллион еуроға қосымша тағы 350 мың еуро кетеді. Демек, Каннаваро АФҚ-ға барған сайын қымбатқа түсіп жатыр», — деп түйіндеді Троицкий.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или