Джелал-ад-Дин Амирбеков 40 сэйв жасап, «Магнитканың» жеңісіне себепкер болды

Жастар хоккей лигасында аса тартысты кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбеков бұл ойында 40 сэйв жасады.
«Магнитканың» қақпашысы ретінде оның сенімді ойыны командасына ЖХЛ көшбасшысы – новокузнецкілік «Металлургты» жеңуге мүмкіндік берді.
Клубтар арасында өткен матч нағыз хоккейлік тартысқа толы болды: он шақты шайба, қауіпті сәттер және қақпашылардың керемет реакциясы жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырды. Нәтижесінде «Магнитка» өз алаңында қарсыласын 6:4 есебімен (2:1, 3:0, 1:3) тізе бүктірді.
Айта кетейік, «Магнитка» сапындағы қақпашылар арасында ең көп ойын өткізген — дәл осы Джелал-ад-Дин Амирбеков. Ол чемпионатта 10 матчқа қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или