Умар Нурмагомедов чемпион Двалишвилиді мадақтады

Умар Нурмагомедов чемпион Двалишвилиді мадақтады


UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің немере ағасы, ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедов жеңіл салмақтағы чемпион, грузин Мераб Двалишвили туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат басылымына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Мераб “жылдың үздік файтері” атағына әбден лайық. Шын айтайын, ол бір жылдың ішінде төртінші рет чемпиондық белбеуін қорғайын деп жатыр. Мұндайды ешкім жасамайды. Ол өте белсенді спортшы. Бұл – керемет жетістік. Мұны мен ғана емес, бәрі айтады», — деді Умар Weighing In бағдарламасына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или