Алматыдағы ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

Алматыдағы ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы теннис турнирінің соңғы жартылай финалисті белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Ол — француз ойыншысы Корентен Муте. АТР рейтингінде 41-орында тұрған Муте неміс Ян-Леннард Штруффты 1 сағат 51 минутқа созылған кездесуде 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Жартылай финалда 26 жастағы француз теннисшісі АҚШ өкілі Алекс Михельсенмен кездеседі. Ал ресейлік Даниил Медведев финалға жолдама үшін австралиялық Джеймс Даквортпен күш сынасады.

Жартылай финалдық ойындар 18 қазанда өтеді.

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші маусымның аяқталуына орай мәлімдеме жасады

Қазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или