ҚПЛ: «Ұлытау» мен «Қайсар» тең ойнады

Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында жезқазғандық «Ұлытау» қызылордалық «Қайсармен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу «Металлург» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Алғашқы таймда командалар өзара гол алмасты. Айып алаңына жасалған пастан кейін Димаш Серікұлы есеп ашты, алайда көп ұзамай алаң иелері Багдат Данияровтың дәл соққысымен таразы басын теңестірді. Екінші таймда ойын қарқыны бәсеңдеп, гол соғылған жоқ.
Осы турдан кейін «Ұлытау» 22 ұпаймен турнир кестесінде оныншы орында, ал «Қайсар» 21 ұпаймен бір саты төмен орналасқан.
Дастан Сәтпаев әлемдік тізімге енді. Ол жақта «Барселона», «Бавария» мен ПСЖ ойыншылары бар
«Қызылжар» – «Қайрат» матчы қалай өтті. Видео
Қазақстандық шабуылшы қыста «Ақтөбеден» кетеді
Өмірден өткен 19 жастағы футболшы емханаға қандай күйде жеткізілген