Де Риддер мен Аллен көз арбасты. UFC Fight Night 262 турнирінің басты жекпе-жегі

Де Риддер мен Аллен көз арбасты. UFC Fight Night 262 турнирінің басты жекпе-жегі

Нидерландиялық Ренье де Риддер мен америкалық Брендан Аллен 19 қазан таңертең Ванкуверде (Канада) өтетін UFC Fight Night 262 турнирінің басты жекпе-жегі алдында көз арбасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 7:00-де басталады. Бастапқыда де Риддердің қарсыласы Энтони Эрнандес болуы керек еді, алайда ол жарақатына байланысты турнирге қатыса алмады. Аллен соңғы сәтте оның орнына шығуға келісті.

Өзінің алдыңғы жекпе-жегінде де Риддер төрешілердің шешімімен орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Роберт Уиттакерді жеңген болатын (UFC on ABC 9, Әбу-Даби). Ал Аллен соңғы кездесуінде Роман Долидзені мерзімінен бұрын жеңіп, UFC on ESPN 72 турнирінде жеңіске жетті.

Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралады

Қазақстандық жауынгер қызықты оқиғаның авторы болды. Видео

Иан Гэрри: «Маддалена жеңуі мүмкін, бірақ Махачевтің күресі бәрін шешеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или