Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» қашан кететінін айтты

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» қашан кететінін айтты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола ағылшындық клубтан қашан кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионатқа-сілтеме жасап.

2024 жылдың қарашасында испаниялық бапкер «Манчестер Ситимен»келісімшарт мерзімін 2027 жылға дейін ұзартты.

«Егер мен өзімді проблема ретінде сезінсем, «Барселонамен» мен «Бавариядағыдай» кетемін.

Бірақ менде әлі бітпегендей сезім бар. Менде күш бар және команда мен ойыншылар биылғы маусымды былтырғыға қарағанда жақсырақ өткізетінін сеземін», - деп келтіреді Гвардиоланың сөзін The Touchline әлеуметтік желідегі парақшасында.

Гвардиола 2008-2012 жылдар аралығында «Барселонаның» және 2013-2016 жылдар аралығында «Баварияның» бас бапкері қызметін атқарған. 54 жастағы маман «Манчестер Ситиді» 2016 жылдан бері басқарып келеді.

«The Messi Cup» турнирі өтеді

Харри Кейн Англия құрамасында рекорд орнатты

Роберт Левандовски осы маусымнан кейін «Барселонадан» кетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или