Игорь Никитин ҚХЛ-да тарихи жетістікке жетті

Игорь Никитин ҚХЛ-да тарихи жетістікке жетті

ЦСКА бас бапкері Игорь Никитин Құрлықтық хоккей лигасында бас бапкер ретіндегі 700-матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, Никитин лига тарихындағы матчтар саны бойынша үздік бес бапкердің қатарына енді.

Бірінші орында минскілік «Динамо» клубының бас бапкері Дмитрий Квартальнов — оның еншісінде 976 ойын бар. Екінші орында «Сочи» тізгінін ұстаған Владимир Крикунов (735 матч), үздік үштікті Олег Знарок (709 ойын) түйіндеп тұр. Төртінші орында — Зинэтула Билялетдинов (703).

Айта кетейік, «Локомотив» командасының бас бапкері Игорь Никитин — Өскемен хоккейінің түлегі, әрі Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы. Ол ұлттық құрамамен 1998 жылы Наганода өткен Қысқы Олимпиада ойындарына қатысып (5-орын — үздік нәтиже), 1999 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған.

Қазақстанда хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді

«Барыс» бапкері құрамды күшейту керек екенін айтты

«Барыс» ҚХЛ кестесінде жоғары көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или