World Boxing әлемнің үздік боксшыларын атады

World Boxing ұйымы әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасында көшбасшылар қатарында өзбекстандық 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абдумалик Халоков пен 65 келі салмақта сынға түсетін Асадхуджа Муйдинхуджаев тұр. Екі спортшыда 3000 ұпайдан бар. Үшінші орында кубалық Эрисланди Альварес (65 келі) — 2100 ұпай. Төртінші сатыда қазақстандық Айбек Оралбай (90+ келі) — 2025 ұпай. Бесінші орынды Қазақстан өкілі Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі) және өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев (75 келі), Джавахир Умматалиев (80 келі), Турабек Хабибуллаев (90 келі) бөлісіп тұр — барлығында 1650 ұпайдан бар.
Әйелдер арасында польшалық Юлия Шеремета (57 келі) көш бастап тұр. Боксшыда 2075 ұпай бар. Екінші орында түркиялық Бусеназ Чакыроглу (51 келі) — 1975 ұпай, ал үздік үштікті бразилиялық Ребека Де Лима Сантос (60 келі) түйіндеді — 1837,5 ұпай.51 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 1750 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасты. Ал бесінші орында Тайвань өкілі Хуан Сяовэнь (54 келі) — 1725 ұпай.
Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді
Головкин мен Кроуфорд айқасы туралы ақпарат шықты
Бейбарыс Жексен Семейде өтіп жатқан ел чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды