Қазақстанда 6 бірдей стадион салынады

Алматы, Шымкент, Семей қалаларында спорт алаңдарының құрылысы басталып та кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мысалы Алматыдағы арена гектар аумақты алып жатыр. 35 мың адам сыяды. Стадион Талғар мен Құлжа тас жолының бойында орналасады.
Үлкендігі дәл осындай кешен Шымкентте де бой көтереді. Ал Семейде салынып жатқан Абай Арена 25 мың адамға шақталған. Аталған стадиондардың іші-сырты халықаралық талаптарға сай жабдықталады. Әрі жанкүйерлерге арналған демалыс орындары болады.
Сондай-ақ мұндай спорт кешендері Ақтөбе, Ақтау тұрғызылады. Бұлардың құрылысы алдағы екі жылда бітуі керек.
2025 жылғы Азия ойындары: ұлттық құраманың тізімі жарияланды
Маунтинбайктан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық жарысқа қатысады