Бес дүркін НБА чемпионы «Бостон Селтикс» клубымен келісімшарт жасасты

Бес дүркін НБА чемпионы Рон Харпердің ұлы Рон Харпер-кіші «Бостон Селтикс» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ақпаратты танымал инсайдер Шэмс Чарания X әлеуметтік желісінде жариялады.
Бұған дейін «Чикаго Буллз» аңызының ұлы «Бостонның» фарм-клубы саналатын G-лигадағы «Мэн Селтикс» командасында ойнаған, кейін «Детройт Пистонс» клубымен екіжақты келісімшартқа отырған болатын.
25 жастағы Харпер-кіші маусым алдындағы дайындықты «Селтикспен» бірге өткізді. Форвард NCAA лигасында төрт жыл ойнаған соң, 2022 жылғы НБА драфтында таңдалмаған еді.
Айта кетейік, Рон Харпер-үлкен «Чикаго Буллз» сапында үш рет (1996–1998), ал «Лос-Анджелес Лейкерс» құрамында екі рет (2000–2001) чемпион атанған.
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
«Астана» Абу-Дабидегі турнирде екінші ойынын өткізді
Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады