Елена Рыбакина мәлімдеме жасады

Елена Рыбакина мәлімдеме жасады

2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің тоғызыншы ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылғы 1–8 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін WTA қорытынды чемпионатына іріктеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қысым сезініп жатырмын деп айта алмаймын. Әрине, финалдық турнирге жолдама алу тамаша болар еді. Бірақ ол үшін әлі де көп матч жеңуім керек — тек мұнда ғана емес, келесі аптада да. Мен маусымды мүмкіндігінше жақсы аяқтауға тырысып жүрмін.

Ең бастысы — денсаулығымды сақтау. Маусым өте ұзақ болды, мен үшін аса сәтті өткен жоқ, бірақ бәрібір жаман маусым болды деп ойламаймын. Маңыздысы — денсаулығымды сақтап, келесі жылға дайын болу», — деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалында аустралиялық Айла Томляновичті 6:2, 6:0 есебімен жеңген еді. Кездесу 58 минутқа созылды.

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Қытайда ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты?

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или