Мадридтік «Реал» инвесторларға акция сату жоспарын талқылауда

Мадридтің «Реал» клубының басшылығы алғаш рет сыртқы инвесторларға акция үлесін сатуға мүмкіндік беретін жаңа құрылымдық өзгерістерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Athletic сайтына сілтеме жасап.
1902 жылы құрылған сәттен бері клубтың барлық акциялары тек оның мүшелеріне — яғни, жанкүйер әрі клубтың ортақ иелері саналатын «сосьостарға» тиесілі болған.
Ақпаратқа сәйкес, клуб ішінде ұйымды екі бөлек бағытқа бөлу идеясы талқылануда: спорттық және коммерциялық. Егер бастама мақұлданса, спорттық бөлік бұрынғыдай «сосьостардың» толық бақылауында қалады, ал коммерциялық бағыт (билет сатылымы, телехабар тарату және демеушілік келісімдерден түсетін табыстар) сыртқы инвесторларға ішінара сатылуы мүмкін.
Қазірше түпкілікті шешім қабылданған жоқ. «Реал» басшылығы дәстүрлі басқару жүйесін сақтағысы келеді — яғни, бапкерлерді тағайындау мен босату, трансферлік саясат секілді маңызды шешімдер клуб мүшелеріне есеп беретін басқарма бақылауында қала бермек.
Харри Кейн Англия құрамасында рекорд орнатты
Роберт Левандовски осы маусымнан кейін «Барселонадан» кетеді