Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Шри-Ланкада өтетін әлемдік додаға қатысады

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Шри-Ланкада өтетін әлемдік додаға қатысады

18-19 қазан аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында Asia Rugby Emirates Sevens Series халықаралық жарысының 2-туры өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сында регби 7-ден Қазақстан әйелдер құрамасы ойнайды. Матч кестесі мынадай:

18 қазан, Е тобы

    • Қазақстан – Малайзия
    • Қазақстан – Филиппин
    • Қазақстан – Қытай

Ал 19 қазанда плей-офф кезеңі өтеді. Айта кетейік, қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен алғашқы турда біздің команда 12 елдің ішінде 5-сатыға тұрақтаған. Биыл алғаш рет ерлер мен әйелдер арасында қатысушылар саны 12-ге жетті. Серия нәтижесінде топ жарған командалар World Rugby HSBC-дің 3-дивизионына жолдама алады.

Ақтаулық жас шахматшы әлем чемпионы атанды

Ерсін Балтағұл Лондонда өткен сумо турнирінде жеңіске жетті

Алматы облысында ат спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или