Паделден Қазақстан құрамасы Азия кубогында сынға түседі

Паделден Қазақстан құрамасы Азия кубогында сынға түседі

17–25 қазан аралығында Катардың Доха қаласында Азияның ең мықты командалары қатысатын беделді құрлықтық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл додада қазақстандық спортшылар еліміздің намысын қорғайды.

Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы Жапония, Филиппин және Ливан құрамаларымен D тобына түсті. 

Жарыс алдында біздің команда толық медициналық тексеруден өтіп, жалпы дене дайындығы (ОФП) мен йога жаттығуларына белсене қатысып, оқу-жаттығу жиындарын өткізді. FIP Silver турнирінде тамаша өнер көрсететкеннен кейін спортшылар Азия кубогына жақсы дайындықпен аттанды. 

Турнирдің алғашқы кезеңі 17–19 қазан аралығында өтеді. Әр топтан үздік шыққан командалар 20–24 қазан аралығында өтетін Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Ерсін Балтағұл Лондонда өткен сумо турнирінде жеңіске жетті

Алматы облысында ат спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или