Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен Канадада өтіп жатқан Әлемдік турдың жартылай финалына өтті

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда ұлттық құрама Канада мен Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Жартылай финалға тікелей екі команда ғана өтті. Ал Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге шықты.
Айта кетейік, жартылай финал 18 қазан күні өтеді.
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы турнирде қысқа бағдарламада сынға түсті
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды