Тоқтар Жаңғылышбай «Ертіс» сапына ауысады

Шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай алдағы маусымда павлодарлық «Ертіс» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы маусымда Жаңғылышбай «Қызылжар» сапында барлық жарыстарда 17 кездесу өткізіп, үш гол соқты. Тәжірибелі ойыншы бұған дейін Қарағандының «Шахтер», «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар», «Жетісу», «Мақтаарал» сияқты бірқатар қазақстандық командалардың намысын қорғаған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Ертіс» биыл премьер-лигаға ресми түрде оралды. Соңғы турда павлодарлықтар «Хан Тәңірін» 7:1 есебімен ойсырата жеңді.
Англияда 18 жасар қазақстандық футболшыға назар аударды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или