Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстанға есе жіберді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкентте жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Кака шәкірттері Өзбекстан құрамасымен ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы сапында жалғыз голды Ресейдің «Тюмень» клубында өнер көрсететін Александр Дерябин соқты.
Қарсыластар 18 қазан күні қайта кездеседі.
Бас бапкер бұл ойындарға келесі футзалшыларды шақырды:
Қақпашылар: Талғат Өтепбергенов, Бақдәулет Өмірзахов, Артур Галиханов;
Алаң ойыншылары: Альберт Ақбаликов, Иван Марахов, Эдсон Гомес Дос Сантос, Александр Дерябин, Біржан Оразов, Азат Валиуллин, Ильяс Болекбаев, Тимур Мәлібеков, Рамазан Бисембайұлы, Ақжол Дарибай, Абдирасыл Абдуманапұлы, Дамир Қайырбай, Нұрсұлтан Пиялы, Нұрқанат Бәктияров.
Қазақстан Өзбекстанмен өтетін ойынға құрамын жариялады
Қазақстан чемпионаты: «Қарағанды» — «Бәйтерек» матчы тең аяқталды