«Барыс» ҚХЛ матчында жеңіске жетті

«Барыс» ҚХЛ матчында жеңіске жетті

16 қазан, бейсенбі күні Астанада «Барыс» ҚХЛ матчында омбылық «Авангардпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шығыс конференциясында жетінші орында тұрған «Барыс» екінші орындағы қарсыласқа қарсы ойынды қарқынды бастады: бесінші минутта көпшілікті тиімді пайдаланып, Райли Уолш есеп ашты, ал араға бір минут салып Мэйсон Морелли басымдықты еселеді. Екінші кезеңде қонақтар есепті қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында «Барыс» тағы да 5х3 форматында мінсіз ойнап, алғашқы минутта Майл Веккьоне қарсыластың қақпасын «тоғыздыққа» дәл көздеп қақпашыны қапы қалдырды. Кейін Адиль Бекетаев айырмашылықты қайтадан екі шайбаға жеткізді – қорғаушы қонақтар қақпасын жақын бұрыштан дәл көздеді.

Одан кейін Всеволод Логвин мен Динмұхаммед Қайыржан (бос қақпаға) мергендік танытты – 6:2, күттірумен келген ірі жеңіс.

Азамат Айтқожин Қазақстан хоккей федерациясының жаңа бас директоры болып тағайындалды

«Арлан» Қазақстан чемпионатында «Ақтөбені» жеңді

«Барыс» клубының хоккейшісі фарм-командаға жіберілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или