Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайда ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайда ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 9-орын) Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сынның 1/8 финалында Рыбакина украиналық Даяна Ястремскаямен (30-орын) кездесіп, үш сетте 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Турнирдің ширек финалына шыққаны үшін Елена 28 695 доллар және 108 рейтингтік ұпайға ие болды.

Биылғы Нинбо турнирінің жүлдеқоры - 1 064 510 доллар. Жеңімпаз 164 000 доллар және 500 рейтингтік ұпай алады. Қазіргі чемпион - Австралия өкілі Дарья Касаткина (22-орын).

Елена Рыбакина Қытайдағы ірі жарыстың ширек финалына өтті

Неміс теннисшісі Алматыдағы ATP-250 турнирі мен қаланы бағалады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или