ГЛАВНАЯ
Қазақстан футболы
Қазақстандық клубтың 19 жастағы футболшысы қайтыс болды. Ол бүгін ғана алаңға шыққан
19 жастағы қазақстандық футболшы Диас Төлеу қайтыс болды

«Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз», - деп жазды KFF League баспасөз қызметі.
Диас Төлеу бүгін, 16 қазанда, Бірінші лига аясындағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» матчында негізгі құрамда шығып, 64-минутта дәрігерлер оны алаңнан зембілмен алып кеткен еді.
Англияда 18 жасар қазақстандық футболшыға назар аударды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или