Сурдлимпиада — есту қабілеті шектеулі спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыс, ол Халықаралық спорт комитеті (ICSD) аясында ұйымдастырылады. Қазақстан 1993 жылдан бастап осы қозғалыстың мүшесі. Токио жарысында 80-нен астам елден үш мыңға жуық спортшы бақ сынайды.
Токиодағы Сурдлимпиадаға дейін 30 күн қалды: Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен өнер көрсетеді
2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында өтетін XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарының басталуына тура 30 күн қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жолы 8 спорт түрінен сынға түседі: жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон және таэквондо.

Құрама командалар төртжылдықтың басты додасына дайындықтың соңғы кезеңінде. Қараша айында оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр:
– еркін күрес — 7–20 қараша, Алматы облысы;
– грек-рим күресі — 5–18 қараша, Алматы;
– дзюдо — 30 қазан – 12 қараша, Алматы облысы;
– жеңіл атлетика — 28 қазан – 14 қараша, Алматы облысы;
– үстел теннисі — 2–15 қараша, Алматы;
– жүзу — 3–16 қараша, Астана;
– бадминтон — 3–12 қараша, Алматы облысы;
– таэквондо — 9–18 қараша, Сеул (Корея Республикасы).
Биыл Қазақстан Сурдлимпиада тарихындағы ең ірі құрамын — 79 спортшыны ұсынады. Команда сапында бұрынғы чемпиондармен қатар алғашқы рет қатысатын жас спортшылар да бар.


Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Азамат Қарлығашев: «Командалар жақсы формада. Бапкерлер жүйелі дайындық жүргізіп жатыр. Сенемін, спортшыларымыз ел намысын лайықты қорғайды. Бразилияда өткен өткен Сурдлимпиададағы нәтижелерімізден асып, үздік ондыққа кіруді мақсат етіп отырмыз», — деді.

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы турнирде қысқа бағдарламада сынға түсті
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды