UFC жұлдызы Иан Гэрри Махачев пен Маддалена арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді

UFC жұлдызы Иан Гэрри Махачев пен Маддалена арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді

UFC файтері Иан Гэрри 15 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегі — Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев арасындағы кездесу туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, айқаста шешуші рөлді күрес ойнайды:

«Бұл жекпе-жектің басты сұрағы — Ислам Джекті қашан және қалай ұстайды? Джек қаншалықты өсті, қаншалықты жетілді? Себебі Махачев өмір бойы күреспен айналысқан, ол осы бағытта әлемдік деңгейдегі спортшы. Егер тек бокспен салыстырсақ, Маддалена жеңеді деп сенемін. Бірақ Махачевтің тейкдаундарынан бес раунд бойы қорғана ала ма — міне, қызық осыда», — деді Гэрри.

Оның айтуынша, Махачев жаңа салмақта дебют жасаса да, дәл оның күрестегі шеберлігі жекпе-жектің тағдырын шешуі мүмкін.

Этникалық қазақ АҚШ-та чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Танымал қазақстандық файтер Еуропада чемпиондық атағын қорғайды

Петр Ян мен Мераб Двалишвили арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или