Жамбыл облысының боксшысы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде ұтты

Жамбыл облысының боксшысы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде ұтты

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жас қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жамбыл облысының өкілі 1/16 финалда алматылық Алдияр Мелисті ұпай санымен ұтты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер алғашқы раундты толықтай жамбылдық спортшының пайдасына бағалады — 5:0. Екінші раундта ол қарқынын арттырып, басымдықты сақтады, ал үшінші раундта артықшылығын бекіте түсті.

Келесі кездесуін спортшы 18 қазанда Алексей Хванцев пен Чингиз Мусинов арасындағы жұптың жеңімпазына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, чемпионатта World Boxing ұйымы өткізген әлем біріншілігінде жүлдесіз қалған ұлттық құраманың мүшелері де бақ сынап жатыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или