Бекзат Алмахан: «Мақсатым — UFC чемпионы атану»

UFC ұйымында жеңіл салмақта (61 кг дейін) өнер көрсететін қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (12-2) алдағы жекпе-жегіне дайындығы мен жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде Алмахан грузин тектес испаниялық Александр Топуриямен (6-1) кездеседі.
«АҚШ-қа тек жаттығу мен жетілу үшін келдім. American Top Team залында бәрі тамаша — серіктестер, бапкерлер. Мұнда жаңа білім алып, өзімді спортшы ретінде дамытып жатырмын. Негізгі мақсатым — UFC чемпионы болу», — деді Алмахан испандық журналист Энрике Хименомен сұхбатында.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан 2024 жылдың наурызында ресейлік Умар Нурмагомедовты алғаш болып нокдаунға түсірген спортшы атанған еді. Ол кездесу төрешілер шешімімен қарсыласының пайдасына аяқталған болатын.