Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында керемет жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады. 

Жарысқа 84 елдің 711 шахматшысы қатысты. Турнир аясында швейцариялық жүйе бойынша бірінші 40 жүріске 90 минут, партияның соңына дейін 30 минут берілетін және әр жүрісүшін 30 секунд қосылатын классикалық уақыт бақылауымен 11 тур өтті. Қазақстан намысын 14, 16 және 18 жасқа дейінгілер санатына кіретін 44 спортшы қорғады.

Дереккөз: Sport+ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или