Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов P4P рейтингінен шығып қалды

Аралас жекпе-жек спортшысы, қазақстандық Шавкат Рахмонов енді салмақ дәрежесіне қарамастан UFC-дің үздік 15 жауынгерінің қатарына кірмейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Рахмоновты P4P рейтингінен шығару Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейраның қатысуымен турнир өткеннен кейін тіркелді.
Бразилиялық өз еліндегі октагонда Матеуш Гамротты қапы қалдырды. Бұл жеңіс оған UFC-дегі үздік 15 спортшы рейтингіне енуіне мүмкіндік туғызды.
Соңғы бірнеше айдан бері Р4Р рейтингінде 15-орында тұрған Шавкат Рахмонов ол тізімнен шығарылды. Отандасымыз жыл басынан бері бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ. Ауыр жарақатына байланысты ол мамыр айында ота жасатты.
UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде Шавкат Рахмонов үздік үштіктегі орнын сақтап қалды.
Отандасымыз мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Этникалық қазақ АҚШ-та чемпиондық жекпе-жек өткізеді
Танымал қазақстандық файтер Еуропада чемпиондық атағын қорғайды
Петр Ян мен Мераб Двалишвили арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды