Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларадан артықшылығы айтылды
Boxingnews24.com сайтының бокс шолушысы Кен Вудс орта салмақтағы екі әлем чемпионы - қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек алдында пікірін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлімханұлы мен Лара арасындағы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулер сарапқа салынатын жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.
«Лара 15 айлық үзілістен кейін оралады. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың 14 қыркүйегінде өткізіп, тоғызыншы раундта Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын жеңген болатын. Сол жекпе-жекте ол өте жақсы өнер көрсетті, Гарсияны толық басымдықпен жеңіп, кезінде Канело Альварес, Остин Траут, Пол Уильямс және Ванес Мартиросян сияқты қарсыластармен айқасқан кездегідей техникалық шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті.
Солақай Жәнібектің артықшылығы - күш пен жастықта. Сонымен қатар, ол белсендірек боксшы және биыл бір жекпе-жек өткізіп үлгерді - 5 сәуірде Анауэль Нгамиссенгены бесінші раундта нокаутқа түсірді», - деп жазылған басылымда.
Қазақстандық боксшы IBF және WBC экс-чемпионына қарсы жекпе-жек өткізеді
«Ол Биволды нокаутқа түсіреді». Аңыз боксшы мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы маңызды жекпе-жек қарсаңында батыл мәлімдеме жасады