Анна Данилина Қытайда турнирдің жұптық кезеңін сәтті бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд — америкалық София Кениннің мысын басты.
Бірінші партияда Данилина — Крунич айқын басымдылық танытты — 6:2.
Тартысты өрбіген екінші сетте әуелі германиялық-америкалық жұп 3:1 есебімен алға шыққанымен, Анна мен Александра матчты жеңіспен түйіндей білді — 7:5.
Бір сағат 37 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-сербиялық дуэт 3 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Зигемунд — Кенин 1 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина — Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін америкалық Николь Меличар-Мартинез — ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.
Неміс теннисшісі Алматыдағы ATP-250 турнирі мен қаланы бағалады
Қазақстандық теннисші Алматыдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады
Теннисші Александр Шевченко Алматыдағы турнирді жеңіспен бастады