Ирина Ологонова допингпен ұсталып 18 айға шеттетілді

Еуропа чемпионы балуан Ирина Ологонова допинг ережесін бұзғаны үшін 18 айға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшыдан 2014 жылдың 8 қарашасында Мәскеуде өткен Еуропа кубогы кезінде алынған допинг сынамасынан тыйым салынған туаминогептан заты табылған.
Спорттық арбитраж сотының (CAS ADD) антидопинг панелі Ологоноваға 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап 2025 жылдың 23 қазанына дейін 18 айға спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салды. Сондай-ақ оның 2014 жылдың 8 қарашасы мен 2015 жылдың 8 шілдесі аралығындағы барлық нәтижесі жойылып, медальдар мен жүлделерінен айырылды.
Осылайша, Ологонова 2015 жылғы Ресей чемпионатының алтын медалінен де айырылды. Спортшы бұл шешімге CAS арқылы шағым түсіре алады.
35 жастағы балуан - әлем чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері, сондай-ақ Еуропа чемпионаттарында күміс және қола медаль иегері.
Түркістанда қазақ күресінен Азия біріншілігі өтеді
Қазақстан дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады