Харри Кейн Англия құрамасында жаңа рекорд жасады

Сейсенбі, 14 қазанда Англия құрамасы әлем чемпионатының іріктеу ойынында Латвияны қонақта 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде Харри Кейн дубль авторы атанды.
Opta мәліметінше, «Бавария» шабуылшысы Англия құрамасы сапында 13-інші матчта екі немесе одан да көп гол соққан. Бұл – жаңа рекорд.
Бұған дейінгі көрсеткіш Нэт Лофтхауске тиесілі болған (12 ойын).
«Алтын допқа» үміткер футболшы Сауд Арабиясына неге кетпегенін түсіндірді
Роберт Левандовски осы маусымнан кейін «Барселонадан» кетеді
Зидан барлық уақыттағы ең үздік футболшыны атады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или