Германиялық теннисші Алматыдағы ATP-250 турнирін жоғары бағалады

Әлемдік рейтингте 98-орында тұрған неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруфф Алматыда өтіп жатқан ATP-250 турнирінің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен үшін бұл - керемет турнир. Қазақстанға, Алматыға алғаш рет келіп отырмын. Ең алдымен, таңғажайып табиғатты, тамаша қонақүйді, дәмді асты және жақсы жағдайды атап өткім келеді. Таулардың көрінісі ерекше әсер қалдырады. Ағаштарға қарағанда, мұнда күз келіп қалған, бірақ күн әлі де күндіз жылы, сонымен қатар салқын да сезіледі.
Сондай-ақ корттар жайлы да айта кетейін. Мен әлі орталық аренаны көрген жоқпын, әзірге бірінші кортта ғана ойнадым. Ертеңге дайындалуым керек. Ал мұндағы ас мәзірі де тамаша, адамдардың бәрі өте сыпайы. Бұл - шынымен де керемет турнир», - деді Штруфф «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.
Қазақстандық теннисші Алматыдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады
Теннисші Александр Шевченко Алматыдағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Алматыдағы жарыста екінші айналымға шықты