Ресейлік қазақ Ілияс Хамзин Майамиде чемпиондық жекпе-жек өткізеді

«РБ Спорт» мәліметінше, ресейлік Ілияс Хамзин орта салмақтағы чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Турнир 1 қарашаға қараған түні Майамиде өтетін Karate Combat 57 шарасы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Хамзаға» қарсы АҚШ-тың белгілі кикбоксшысы Адриан Уэзерсби шығады. Бұл Ілиястың Karate Combat ұйымындағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Дебютінде ресейлік спортшы тыйым салынған соққы жасағаны үшін жеңіліп қалған, кейін екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Уэзерсби бұл ұйым аясында үш рет жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен.
Омбы қаласынан шыққан этникалық қазақ Ілияс Хамзин (14-4) ММА спортшысы ретінде танымал. Аралас жекпе-жектегі соңғы кездесуін ол биыл қыркүйекте RCC 23 турнирінде өткізіп, бірінші раундта бразилиялық Исак Силва Соузаны (9-8) нокаутқа түсірген.
Танымал қазақстандық файтер Еуропада чемпиондық атағын қорғайды
Петр Ян мен Мераб Двалишвили арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды
Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC 323 турнирінде жекпе-жек өткізеді