Рафинья Сауд Арабиясына неге кетпегенін түсіндірді

«Барселона» вингері Рафинья Сауд Арабиясының клубына неге ауыспай қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилиялық ойыншыға «Әл-Хилял» қызығушылық танытқан, алайда футболшы каталониялық клубта қалып, келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартты.
«Мен 15 жасымнан бері футбол ойнаймын. Өмірімде жақсы да, жаман да сәттер болды. Енді өзім мен отбасым туралы ойлайтын кез келді. Сауд Арабиясынан алған ұсыныс мені таңғалдырды. Ол менің, ата-анамның, ұлымның және тағы басқа көптеген адамның өмірін өзгертетін еді.
Әрине, біз («Барселонадан») кету туралы ойладық, мен бұл үшін ең қолайлы уақыт осы шығар деп есептедім. Бірақ кейін біз бапкермен (Ханс-Дитер Фликпен) сөйлестік - алдымен телефон арқылы, содан соң маусым алдындағы дайындықтың басында жеке кездесіп әңгімелестік. Ол мені қалуға көндірді. Мен соған қуаныштымын», - деп Рафиньяның сөзін ESPN келтіреді.
2024/2025 жылғы маусымда Рафинья барлық турнирде 57 матч өткізіп, 34 гол соғып және 25 нәтижелі пас берді. «Барселонамен» бірге ол Испания чемпионы, ел кубогы мен суперкубогының иегері атанды.
Роберт Левандовски осы маусымнан кейін «Барселонадан» кетеді