Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік шахматтан кететінін айтты

Белгілі қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, мансабындағы келесі қадам туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жансая әлеуметтік желіде жанкүйерлер арасындағы челленджге қосылып, өз оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Бір жанкүйер оның шахматқа қайта оралу жоспары туралы сұрағанда, спортшы ашық жауап берді:
«Шахмат әрдайым өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Бірақ қазір мен үшін маңызды кезең — отбасы, аналық және ішкі қалпына келу уақыты. Қашан тағы да тақтаға отыруды қаласам — ораламын. Ал егер қаламасам, басқа да маңызды істермен айналысамын», — деді Жансая Әбдімәлік Instagram парақшасында.
Осылайша, қазақстандық гроссмейстер кәсіби мансабын аяқтағанын ресми түрде растады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или