Асқар Еркебаев шәкірті Нұрбек Оралбайдың жарысқа қатыспайтынын айтты

Қазақстан ұлттық бокс құрамасының аға бапкері әрі Олимпиада-2024 жүлдегері Нұрбек Оралбайдың жеке жаттықтырушысы Асқар Еркебаев оның Қазақстан чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz SPORT+ YouTube арнасына сілтеме жасап.
— Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты ел чемпионатына қатыспайды. Дегенмен, 80 келіге дейінгі салмақта ол — Қазақстан мен әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Сондықтан оның қатыспауы жарыстың деңгейіне әсер етпейді, бәсеке бәрібір жоғары болады, — деді Еркебаев.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысы Жавохир Умматалиевке ұпай санымен жеңілген болатын.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов әлем чемпионатының жүлдегерлерінен басқа барлық боксшылар ел чемпионатына қатысатынын хабарлаған еді.
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек өткізеді
Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қарсылас белгілі
Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді