Қазақстандық пауэрлифтинг шебері әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Каир қаласында өткен парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 191 келіні көтеріп, жалпы 567 келілік нәтижемен Азия рекордын жаңартты. Бұл жеңіс оның әлем біріншіліктеріндегі қатарынан үшінші алтыны болды.
Давид Дегтярев бұған дейін де әлемдік аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап келеді. 2021 жылы Тбилисиде өткен чемпионатта ол алғаш рет әлем чемпионы атанып, 178 келіні еңсерген еді. Ал 2023 жылы Дубайда өткен жарыста 180 келіні көтеріп, тағы да әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Сол жылы Ханчжоуда өткен Азия Параойындарында 186 келімен құрлықтық рекорд орнатты.
Паралимпиада ойындарында да Дегтярев ерекше жетістікке жетті. 2020 жылы Токиода ол алғашқы алтын медалін жеңіп алса, үш жылдан кейін Парижде тағы да Паралимпиада чемпионы атанып, 188 келіні көтерді. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.