Александр Шевченко Алматыдағы жарыста екінші айналымға шықты

Александр Шевченко Алматыдағы жарыста екінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP-250 турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы сербиялық Ласло Джереден 7-6, 7-6 есебімен басым түсті.

Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.

Келесі айналымда қазақстандық әлемнің 41-ші франциялық Корентин Мутемен кездеседі.

Almaty Open 11-19 қазан аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 1 055 255 долларды құрайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или